KASE-де жеті атаудағы ETF-пен сауда-саттық уақытша тоқтатылған мерзім ұзартылды
/KASE, 05.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен өткізілетін сауда-саттық режімдеріндегі репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 01 қазанға және одан кейінгі күндерге келетін мынадай ETF-пен сауда-саттықты уақытша тоқтату мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды:
1) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;
2) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF;
3) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF;
4) US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON;
5) US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ) ProShares Short Bitcoin ETF;
6) US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, ETHT_KZ) ProShares Ultra Ether ETF;
7) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF.
Аталған бағалы қағаздармен KASE-де сауда-саттық 2026 жылғы 05 қазаннан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE-де аталған бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты KASE-нің "Сауда-саттық өткізу ережелері" атты ішкі құжатының 13-тарауының 77- тармағының 12) тармақшасына сәйкес уақытша тоқтатылды.
[2026-08-05]