KZ
RU
EN
18 тамыз 2026, 21:50
KZ
RU
EN
Кіру
05.08.2026 12:40 #Корпоративтік уақиғалар

KASE өз интернет-ресурсында Freedom Holding Corp.-тың Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы шілде айындағы PMI шолуын жариялады

/KASE, 05.08.26/ – Freedom Holding Corp. "Қазақстан қор биржасына" (KASE) Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы 2026 жылғы шілде айына арналған іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.

Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеу және аналитика бөлімінің басшысы Салтанат Мұхамбетәлиеваның түсіндірмесі берілген:

"Шілде айында Қазақстанның қызмет көрсету саласы өсімін жалғастырып, ұзақ уақыт ішіндегі ең жоғары оптимизм деңгейін тіркеді және өңдеуші салалардан алшақтығын ұлғайтты. Іскерлік белсенділік серпінінің бағыттары айтарлықтай әртүрлі болғандықтан, қызмет көрсету және өңдеуші кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі арасындағы спред бақылау жүргізілген бүкіл кезеңдегі ең жоғары деңгейге жетті. Дегенмен, қызмет көрсету саласындағы оптимизм біршама тұрақсыз болып көрінеді. Жаңа тапсырыстардың артуына қарамастан (көлік және қоймалау сегментін қоспағанда), салада жұмыс орындарының қысқаруы жалғасты. Басқа да факторлардың қатарында үш ай бойы шарықтау шегінен кейін біршама бәсеңдегенімен, маржалыққа тарихи тұрғыдан жоғары қысымның сақталуын, сондай-ақ бір жылдық көкжиектегі бизнес күтуінің күрт төмендеуін атап өтуге болады, бұл соңғы он айдағы ең жоғары айлық төмендеу қарқыны болды. Сектордың одан әрі дамуы көп жағдайда алдағы бірнеше айдағы нарық конъюнктурасының қалай қалыптасатынына байланысты болады."

Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ

Орыс тіліндегі шолу – толығырақ

Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ

[2026-08-05]