KZ
RU
EN
5 тамыз 2026, 14:09
KZ
RU
EN
Кіру
05.08.2026 09:09 #Қаржы құралдары

05 тамыздан бастап KASE-де үш атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылды

/KASE, 05.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 05 тамыздан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен өткізілетін сауда-саттық режімдеріндегі репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттықтың уақытша тоқтатылғанын хабарлайды:

1) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) Apple Inc. акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 10 тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қайта басталады;

2) US30233Q1085 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) Exxon Mobil Corporation акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 17 тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 19 тамыздан бастап қайта басталады;

3) US1667641005 ("KASE Global" секторы, CVX_KZ) Chevron Corporation акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 19 тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 21 тамыздан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-де аталған акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты KASE-нің "Сауда- саттықты жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-тарауының 77- тармағының 12) тармақшасына сәйкес уақытша тоқтатылды.

[2026-08-05]