KZ
RU
EN
5 тамыз 2026, 14:33
KZ
RU
EN
Кіру
04.08.2026 15:22 #Сауда-саттық ақпараты

04 тамызда KASE-де есеп айырысу күні 06 тамыз болатын KZKD00000725 (MUM300_0001) МЕУКАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 04.08.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін "Қазақстан қор биржасының" (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысу күні 2026 жылғы 06 тамыз болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің KZKD00000725 (MUM300_0001) мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған эмитенттің хабарламасына сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 60 000 000 000 KZT болатын өтінімдерді қанағаттандырып, кесім бағасын номиналдың 64,8784 % деңгейінде белгіледі (өтеуге дейінгі кірістілік – жылдық 14,01 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза емес баға номиналдың 64,9133 % құрады (өтеуге дейінгі кірістілік – жылдық 14,00 %).

Орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысу күні 06 тамыз болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 12,4 жыл KZKD00000725 (MUM300_0001) МЕУКАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" атты жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-08-04]