19 тамыздан бастап "Мүшелік туралы қағида" жаңа редакцияда қолданысқа енгізіледі
/KASE, 04.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 29 шілдедегі шешімімен KASE-нің "Мүшелік туралы қағида" атты ішкі құжаты (Қағида) жаңа редакцияда бекітілді. Ол 2026 жылғы 19 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қағиданың жаңа редакциясы құжат мәтінін өзектендіру мақсатында әзірленді және мынадай өзгерістерді көздейді:
- KASE мүшесі етіп қабылдау туралы шешім қабылдау тәртібі жеңілдетілді;
- KASE мүшесі болуға кандидаттарға қойылатын талаптар өзектендірілді;
- KASE мүшесі болуға кандидаттар ұсынатын құжаттардың тізбесі өзектендірілді;
- KASE мүшесін сауда-саттыққа жіберу рәсімі жеңілдетілді;
- KASE мүшесін сауда-саттықтан шеттету және мүшелігін тоқтата тұру негіздері толықтырылды;
- Шетел валюталары нарығы комитетінің өкілеттіктері нақтыланды.
KASE мүшесі етіп қабылдауға және KASE мүшелерімен одан әрі өзара іс- қимыл жасауға байланысты рәсімдік нормалар Биржаның жеке ішкі құжатына шығарылатын болады.
2026 жылғы 19 тамыздан бастап Қағиданың қолданыстағы редакциясының күші жойылды деп танылады.
Қағиданың жаңа редакциясы KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады: толығырақ ("Мүшелік" қойындысы).
[2026-08-04]