KZ
RU
EN
4 тамыз 2026, 02:13
KZ
RU
EN
Кіру
03.08.2026 17:12 #Қаржы құралдары

KASE сауда жүйесі мен дерекқорларында "ЦентрКредит-Валютный" ИИПҚ-ның KZPF00000058 (BCCI_cc) пайларының номиналды құны мен баға белгілеу дәлдігі өзгертілді және олармен сауда-саттық қайта басталады

/KASE, 03.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда жүйесі мен дерекқорларында "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит-Валютный" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000058 (инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары секторы, BCCI_cc) пайлары бойынша мынадай ақпараттың өзгертілгенін хабарлайды:

  • номиналды құны 100 АҚШ долларынан 10 АҚШ долларына өзгертілді;
  • баға белгілеу дәлдігі үтірден кейінгі екі таңбадан төрт таңбаға өзгертілді.

KASE-де осы пайлармен 2026 жылғы 29 шілдеден бастап уақытша тоқтатылған сауда-саттық 2026 жылғы 04 тамыздан бастап қайта басталады.

Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE-нің "2026 жылғы 29 шілдеден бастап KASE-де "ЦентрКредит-Валютный" ИИПҚ-ның KZPF00000058 (BCCI_cc) пайларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылады" атты жаңалығы жарияланған болатын: толығырақ

[2026-08-03]