KZ
RU
EN
13 тамыз 2026, 19:35
KZ
RU
EN
Кіру
03.08.2026 16:05 #Қаржы құралдары

03 тамыздан бастап "Интергаз Орталық Азия" АҚ-тың KZ2C00019172 (INCApp24) және KZ2C00019180 (INCApp25) облигациялары KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

/KASE, 03.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2026 жылғы 30 шілдеде "Интергаз Орталық Азия" АҚ-тың (Астана) мынадай облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00019172 (INCApp24; 1 000 KZT, 15,0 млрд KZT; 8 жыл; жартыжылдық купон, облигациялар орналастырылатын күні айқындалады – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 1,00 % мөлшеріндегі тіркелген маржа; 30/360);

2) KZ2C00019180 (INCApp25; 1 000 KZT, 5,0 млрд KZT; 8 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыратын күні айқындалады – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 1,00 % мөлшеріндегі тіркелген маржа; 30/360).

Листинг комиссиясының бұл шешімі 2026 жылғы 03 тамыздан бастап күшіне енеді.

Аталған облигациялар шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2026-08-03]