04 тамыздан бастап KASE-де "Лизинг Групп" АҚ-тың KZ2C00018810 (LZGRb20) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 03.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 04 тамыздан бастап KASE-де "Лизинг Групп" АҚ-тың KZ2C00018810 облигацияларымен (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb20; $1 000, $5,0 млн; 03.08.26 – 03.08.27; тоқсан сайынғы купон, жылдық 10,50 %; 30/360) сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде осы облигациялар бойынша баға белгілеу дәлдігі облигацияның номиналынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-08-03]