KASE өз интернет-ресурсында Freedom Holding Corp.-тың Қазақстанның өңдеуші салалары бойынша шілде айындағы PMI шолуын жариялады
/KASE, 03.08.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылғы шілде айындағы Қазақстанның өңдеуші салаларындағы іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолуды ұсынды.
Төменде Freedom Holding Operations ЖШС-ның экономикалық зерттеулер және талдау бөлімінің басшысы Салтанат Мұхамбетәлиеваның түсіндірмесі келтірілген:
"Шілде айында Қазақстанның өңдеуші салаларындағы құлдырау күшейе түсті. Ең айқын нашарлау азық-түлік өнеркәсібінде байқалды, мұнда статистика бойынша бөлшек тауар айналымының өсуі жалғасқанына қарамастан, жаңа тапсырыстар ең көп азайды. Бұл өсімнің негізінен нақты сату көлемінің ұлғаюынан емес, бағаның өсуінен қамтамасыз етіліп отырғанын көрсетеді. Мұндай жағдайда тапсырыстардың қысқаруы, банк кредиттеу шарттарының қатаюы аясында айналым қаражатын қаржыландыру тапшылығын көрсетуі ықтимал. Бизнестің алдағы бір жылға болжамы соңғы алты жылдан астам уақыт ішіндегі ең төменгі деңгейге түсті. Мұны біз орындалмаған тапсырыстар көрсеткішінің қатарынан үш ай бойы тарихи ең төменгі деңгейде сақталуымен де байланыстырамыз (бұрын алынған тапсырыстар жаңасына қарағанда жылдамырақ орындалады). Бұл сектордың сұраныстың одан әрі әлсіреуіне негіз болатын осалдығын арттырады және алдағы айларда да күрделі жағдайдың сақталуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Саланы қолдауға Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын біртіндеп жұмсарту циклінің жалғасуы ықпал етуі мүмкін. Алайда базалық мөлшерлеменің төмендеуінің әсері бірден байқалмайды – әдетте мұндай шешімдердің трансмиссиясы белгілі бір уақыт кідірісімен жүзеге асады және нарықтық жағдайларға байланысты болады. Сондықтан қаржыландыру шарттарының жақсарғанын кәсіпорындар тек ортамерзімді перспективада сезіне алады".
Қазақ тіліндегі шолу: толығырақ
Орыс тіліндегі шолу: толығырақ
Ағылшын тіліндегі шолу: толығырақ
[2026-08-03]