KZ
RU
EN
4 тамыз 2026, 02:14
KZ
RU
EN
Кіру
03.08.2026 11:34 #Қаржы құралдары

03 тамыздан бастап Asia Minerals Resource SPC Limited арнайы мақсаттағы компаниясының "әл-Уакала" сукук исламдық бағалы қағаздарының екі шығарылымы KASE ресми тізімінің "Исламдық бағалы қағаздар" секторына енгізілді

/KASE, 03.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2026 жылғы 30 шілдеде Asia Minerals Resource SPC Limited арнайы мақсаттағы компаниясының (Астана) төменде көрсетілген "әл-Уакала" сукук исламдық бағалы қағаздарын KASE ресми тізімінің "Исламдық бағалы қағаздар" секторына енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZX000005764 (AMRLs1; 10 АҚШ доллары, 10,0 млн АҚШ доллары; 25.11.28 – 28.11.28; тоқсан сайынғы мерзімдік төлем мөлшерлемесі, жылдық 11,00 %; 30/360);

2) KZQ000000546 (AMRLs2; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 26.03.20 – 29.03.20; тоқсан сайынғы мерзімдік төлем мөлшерлемесі, жылдық 24,00 %; 30/360).

Басқарманың осы шешімі 2026 жылғы 03 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

KASE-де аталған бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады.

Аталған бағалы қағаздар шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2026-08-03]