KZ
RU
EN
31 шілде 2026, 21:55
KZ
RU
EN
Кіру
31.07.2026 17:39 #Сауда-саттық ақпараты

"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ 31 шілдеде KASE-де жылдық 15,90%-бен KZ2C00018695 (BTRKb34) облигацияларын орналастырып, 60,5 млрд KZT тартты

/KASE, 31.07.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00018695 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb34; 1 000 KZT, 60,5 млрд KZT; 31.07.26 – 31.07.31; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері мен мамандандырылған сауда-саттық нәтижесі көрсетілген.

ОРНАЛАСТЫРУ КЕЗІНДЕГІ СҰРАНЫМНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

---------------------------------------------------- ----------------------
Қатысушы саны:                                       10                    
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді):             23 / 17               
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн KZT:                 61 162,0              
Сұраныстың ұсынысқа қатынасы:                        101,1%                
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, жылдық % (барлығы/белсенді):
– минималды                                          15,7900               
– максималды                                         16,0000               
– орташа алынған                                     15,8853 / 15,8807     
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте                  
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған                            
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                       
                                                                                                                                                 
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесі 8,2 %, брокерлік-
дилерлік ұйымдардың үлесі 2,5%-дан кем, басқа институттық 
инвесторлардың үлесі 82,6%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 6,8%, жеке 
тұлғалардың үлесі 0,1%-дан кем болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:

-------------------------------------------------------------------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің, облигациялардың көлемі: 60 500 000      
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, KZT:             60 500 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                       16              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:          10              
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, жоспардың %:     100,0           
Қанағаттандырылған өтінімдердегі                         15,9000         
купонның мөлшерлемесі, жылдық %:                                         
-------------------------------------------------------------------------

Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде облигациялардың жалпы көлемінің 8,3%-ын банктер, 2,1 %-ын брокерлік- дилерлік ұйымдар, 82,7 %-ын басқа институционалдық ұйымдар, 6,9%-ын басқа заңды тұлғалар сатып алған.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ дерегіне сәйкес сауда- саттық нәтижесі бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілелер толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:           31.07.26                      
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT: 60 500 000 000                
Лот мөлшері, дана:                      1                             
Сауда-саттық мәні:                      Купон мөлшерлемесі            
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       лимиттелген                   
Өтінім беру тәсілі:                     жабық                         
Өтінім қабылданатын уақыт:              10:00–12:00                   
Өтінім расталатын уақыт:                10:00–12:30                   
Кесім уақыты:                           13:00 (Т+0)                   
Төлем жасалатын күн және уақыт:         31.07.26, 13:00               
Өтінімдерді кесу әдісі:                 бағалары кесім бағасына тең   
                                        немесе одан төмен өтінімдер   
                                        кесіп алып тасталады          
Өтінімдердің бағасына байланысты        бір баға бойынша бөліп жіктеу;
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру                                
тәсілі:                                                               
Берілген кезегіне байланысты            қарсы өтінімдерді қабылдау    
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру  уақыты бойынша                
тәсілі:                                                               
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:   "Halyk Finance" АҚ            
----------------------------------------------------------------------

Облигациялардың бірлескен андеррайтерлері – "Halyk Finance" АҚ және "Alatau City Invest" АҚ.

[2026-07-31]