KZ
RU
EN
31 шілде 2026, 21:55
KZ
RU
EN
Кіру
31.07.2026 16:48 #Қаржы құралдары

03 тамыздан бастап KASE-де "Standard Prime" АИПҚ-ның KZPF00001015 (STDIprm) пайларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 31.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 03 тамыздан бастап KASE-де "Standard" инвестициялық компаниясы" АҚ басқаруындағы "Standard Prime" ашық инвестициялық пай қорының (АИПҚ) KZPF00001015 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, STDIprm) пайларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

Аталған пайлардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға белгілеу дәлдігі теңгемен (KZT) көрсетілген бір пайдың бағасының үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейін белгіленген.

Аталған пайлар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2026-07-31]