KZ
RU
EN
31 шілде 2026, 21:55
KZ
RU
EN
Кіру
31.07.2026 16:36 #Корпоративтік уақиғалар

"Каспий" Тауар биржасы" АҚ орнықты даму саласындағы үшінші есебін ұсынды

/KASE, 31.07.26/ – "Каспий" Тауар биржасы" АҚ (KASE тикері – EXCS) төмендегідей хабарлады:

дәйексөздің басы

"Каспий" Тауар биржасы" АҚ (ТБК) Компанияның 2025 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері ұсынылған және бизнестің орнықтылығын нығайтуға, корпоративтік басқаруды дамытуға және айқындықты арттыруға бағытталған ESG тәсілдерін іске асырудағы ілгерілеу көрсетілген орнықты даму саласындағы үшінші есебін жариялады.

Есепті жылы Биржа Қазақстанның тауар нарығының жетекші инфрақұрылымдық институттарының бірі ретіндегі өз ұстанымын одан әрі нығайтты. Ең маңызды жетістіктердің қатарында S&P Global халықаралық ESG бағасының 60 балға дейін жоғарылауы, әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауда жасау жөніндегі уәкілетті тауар биржасы мәртебесін алуы, цифрлық инфрақұрылымды дамытуы және климаттық тәуекелді басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуі бар.

Есеп халықаралық GRI стандарттарына сәйкес дайындалған және корпоративтік басқару, іскерлік әдеп, цифрлық трансформация, ақпараттық қауіпсіздік, адами капиталды дамыту және климаттық күн тәртібі туралы ақпаратты қамтиды. Құжатта сондай-ақ Биржаның БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі және жауапты бизнес жүргізудің үздік халықаралық тәжірибелеріне бейілділігі көрсетілген.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы: толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы: толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы: толығырақ

[2026-07-31]