"Kazakhmys Copper" (Казахмыс Коппер) АҚ-тың жалғыз акционері қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 31.07.26/ – "Kazakhmys Copper" (Казахмыс Коппер) АҚ (KASE тикері – KMCP) жалғыз акционерінің 2026 жылғы 24 шілдедегі шешімдері туралы хабарлады.
Жалғыз акционер, өзге шешімдермен қатар, мынадай шешімдер қабылдады:
- қоғамның 2025 жылғы жеке аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
- қоғамның 2025 жылғы 811 804 052 000 теңге мөлшеріндегі таза кірісінен 399 615 581 365 теңгені қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге бағыттау.
Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылған: толығырақ
[2026-07-31]