30 шілдеден бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-тың KZ2C00019248 (SKKZb34) және KZ2C00019255 (SKKZb35) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатына енгізілді
/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2026 жылғы 30 шілдеде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-тың (Астана) төмендегі облигацияларын KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатына енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00019248 (SKKZb34; 1 000 KZT, 55,5 млрд KZT; айналыс мерзімі – 15 жыл; құбылмалы жартыжылдық купоны – TONIA Compounded Index + тіркелген купон; 30/360);
- KZ2C00019255 (SKKZb35; 1 000 KZT, 55,5 млрд KZT; айналыс мерзімі – 15 жыл; құбылмалы жартыжылдық купоны – TONIA Compounded Index + тіркелген купон; 30/360).
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2026 жылғы 30 шілдеден бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
Аталған облигациялар шығарылымдары 2024 жылғы 27 тамызда 1,0 трлн теңге сомасына тіркелген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-тың төртінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі 23-ші және 24-ші облигациялар шығарылымдары болып табылады.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-тың қаржылық консультанты – Halyk Finance АҚ.
Аталған облигациялар шығарылымдары туралы толығырақ ақпара мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-07-30]