30 шілдеден бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-тың KZ2C00018661 (IDFRpp7) облигациялары KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді
/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2026 жылғы 30 шілдеде "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-тың (Астана) KZ2C00018661 (IDFRpp7; 1 000 теңге; 60,5 млрд KZT; 5 жыл; жартыжылдық купоны, облигацияларды орналастыру бойынша өткен алғашқы сауда- саттықтың қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2026 жылғы 30 шілдеден бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-07-30]