"HALYK FINANCE" АҚ "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ" АҚ-ТЫҢ XS3032932645 (BRKZE18) ДОЛЛАРЛЫҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ҚОСЫМША ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫНЫҢ ҰЗАРТЫЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ
/KASE, 30.07.26/ – "Halyk Finance" АҚ бірлескен жетекші менеджер және букраннер ретінде Қазақстан қор биржасына (KASE) мынадай мазмұндағы хабарламаны ұсынды:
дәйексөздің басы
ОСЫ ХАБАРЛАМА ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН АНЫҚТАМАҒА СӘЙКЕС БІЛІКТІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ САТЫП АЛУШЫЛАР (QIBs) БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖӘНЕ БІЛІКТІ САТЫП АЛУШЫЛАР (QPs) БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ АУМАҒЫНДА, СОНДАЙ-АҚ КАНАДАНЫҢ, АВСТРАЛИЯНЫҢ НЕМЕСЕ ЖАПОНИЯНЫҢ АУМАҒЫНДА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ДЕЛДАЛДАР АРҚЫЛЫ, ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА ШЫҒАРУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН.
ОСЫ ХАБАРЛАМА БЕЛГІСІЗ ТҰЛҒАЛАР ТОБЫ АРАСЫНДА ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН ЖӘНЕ ТЕК "ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ" АҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ЖОЛДАНҒАН. ОСЫ ХАБАРЛАМА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖАРНАМАСЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ.
Осы арқылы "Halyk Finance" АҚ "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінен шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылатын "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ облигацияларын (бұдан әрі – Еурооблигациялар) қосымша орналастыруға қатысуға өтінім қабылдау уақытының Алматы уақытымен сағат 19:00-ге дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Инвесторлардың барлық өтінімі KASE-де ASTS+ сауда-клирингілік жүйесі (қор нарығы) (бұдан әрі – сауда-клирингілік жүйе) арқылы қабылданады (тикері – BRKZe18_).
Әлеуетті инвесторлардан KASE-дегі сауда-клирингілік жүйе арқылы өтінім қабылдау Еурооблигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыру басталған кезбен бір мезгілде және Еурооблигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыру кезіндегідей сол орналастыру талаптарымен (оның ішінде оларды орналастыру бағасын айқындау талаптарымен) басталады.
Бірлескен Букраннерлер: Citigroup Global Markets Limited және Halyk Finance.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЕВРООБЛИГАЦИЯЛАР ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------------ -----------------------------------------------------------
Эмитенттің атауы: "Қазақстан даму банкі" АҚ
Эмитенттің рейтингілері: Moody's агенттігінің шәкілі бойынша Baa1 (тұрақты)
Fitch агенттігінің шәкілі бойынша BBB (тұрақты)
S&P агенттігінің шәкілі бойынша BBB- (жағымды)
Еурооблигация шығарылымының рейтингтері: BBB (Fitch) / BBB- (S&P)
Орналастырылған Еурооблигациялар шығарылымының параметрлері:
Еурооблигациялардың қысқаша сипаты Ағылшын құқығына сәйкес шығарылатын және 144A
қағидасына ("Rule 144A") және S ережесіне ("Regulation S")
сәйкес орналастырылатын қамтамасыз етілмеген аға
борыштық еурооблигациялар
Еурооблигациялар шығарылымының номиналды көлемі –
700 млн АҚШ доллары
купондық мөлшерлемесі – жылдық 5,625 %, төлем әр алты
ай сайын жүргізіледі
шығарылған күні – 2025 жылғы 7 сәуір
өтелу күні – 2030 жылғы 7 сәуір
ISIN: XS3032932645, US48129VAD82
Еурооблигацияларды қосымша орналастыру параметрлері:
Еурооблигацияларды қосымша Өтінімдерді жинау нәтижесі бойынша айқындалады
орналастырудың күтілетін номиналды көлемі:
Еурооблигацияларды қосымша орналастыру валютасы: АҚШ доллары
Еурооблигациялардың қосымша шығарылымының XS3458439901 (Еурооблигацияларды қосымша
(қосымша орналастыруының) ISIN-і: орналастыру бойынша есеп айырысу күнінен бастап 40 күн
кезеңіне арналған уақытша ISIN)
Есеп айырысу валютасы Еурооблигациялар бойынша барлық есеп айырысу
(соның ішінде қосымша орналастыру кезінде есеп
айырысу, купонды және негізгі борышты төлеу
АҚШ долларымен жүргізіледі)
Деноминация: 200 000 (екі жүз мың) АҚШ доллары немесе
1 000 (бір мың) АҚШ долларына есе одан жоғары сома
Қолданылатын құқық: Ағылшын құқығы
Листинг: "Қазақстан қор биржасы" АҚ, AIX және Vienna MTF
Клирингілік есеп айырысу: Euroclear / Clearstream
Мақсаты: Жалпы корпоративтік мақсаттарға, оның ішінде
әртүрлі инвестициялық жобалар мен экспорттық
операцияларды қаржыландыруға
Еурооблигацияларды қосымша орналастыру Инвесторлардың өтінімдерін жинау
бойынша өтеуге дейінгі кірістілігі: нәтижесі бойынша айқындалады.
Еурооблигацияларды қосымша орналастыру бойынша
өтеуге дейінгі кірістіліктің бағдарлы диапазоны – жылдық
5,45 % – 5,50 %.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЕВРООБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДА САТЫП АЛУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ:
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Өтінім қабылданатын күн: 2026 жылғы 30 шілде
Өтінім қабылдау басталатын уақыт: Алматы уақытымен 14:30
Өтінім қабылдау аяқталатын уақыт: Алматы уақытымен 19:00
(өтінім қабылдау мерзімін ұзарту мүмкіндігімен)
Инвесторлардың қанағаттандырылған 2026 жылғы 30 шілде (Лондон уақытымен)
өтінімдерінің бағасы мен көлемін
айқындау күтілетін күн:
Еурооблигацияларды қосымша орналастыру 2026 жылғы 6 тамыз
бойынша есеп айырысу күтілетін күн: Қосымша орналастыру бойынша есеп айырысу
АҚШ долларымен жүргізіледі.
Өтінім бағасы: Жылдық пайызбен көрсетілген
өтеуге дейінгі кірістілік. Нарықтық өтінімдер берілген
жағдайда кірістілік мәні көрсетілмейді.
Өтінімнің көлемі: Өтінім көлемі АҚШ долларымен көрсетілуі керек. Өтінімнің
ең аз көлемі – 200 000 (екі жүз мың) АҚШ доллары немесе
1 000 (бір мың) АҚШ долларына есе одан жоғары сома
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Еурооблигациялар бойынша есеп айырысу шарттары:
Сатып алуға тапсырыс бере отырып, сауда-саттыққа қатысушы "KASE Клиринг орталығы" АҚ-тың (бұдан әрі – КО) бірыңғай лимиттің қамтамасыз етілуін тосқауылдауына және сатып алуға берілген өтінім қанағаттандырылған жағдайда, кейін сауда-саттыққа қатысушының ақшаны КО-ның Орталық депозитарийдегі шотына 2026 жылғы 6 тамызда, сағат 12:00-ден кешіктірмей жеткізуімен келіседі.
Өтінімдердің қанағаттандырылуы (аллокация) туралы ақпарат өтінім берген сауда-саттыққа қатысушыларға 2026 жылғы 31 шілдеде KASE-нің сауда- клирингілік жүйесі арқылы беріледі.
Берілген сатып алу туралы өтінім қанағаттандырылған жағдайда, ақшаны ОК-нің Орталық депозитарийдегі шотына 2026 жылғы 6 тамызда сағат 12:00-ден кешіктірмей жеткізу үшін жауапкершілік сатып алуға өтінім берген сауда-саттыққа қатысушыға жүктеледі.
Сатып алушының өтінімінде көрсетілген мәліметтің шынайылығы үшін сатып алушы жауап береді.
Қосымша шығарылатын Еурооблигацияларға 700 млн АҚШ доллары сомасындағы Еурооблигациялардың негізгі шығарылымының ISIN-інен өзгеше уақытша ISIN берілгеніне назар аударамыз. Уақытша ISIN Еурооблигацияларды қосымша орналастыру күнінен (2026 жылғы 6 тамыз) бастап 40 күн бойы қолданылады. Осы 40 күндік кезең аяқталғаннан кейін қосымша шығарылған Еурооблигациялар бастапқыда орналастырылған Еурооблигациялармен біріктіріледі және шығарылған күніне қарамастан барлық Еурооблигациялар бастапқы орналастыру кезіндегі Еурооблигацияларға берілген бірдей ISIN бойынша айналыста болады.
Барлық сұрақ бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін Halyk Finance өкілдеріне төмендегі байланыс деректері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз:
"Halyk Finance" АҚ +7 (727) 339-43-77/88 (ext. 3373, 3448, 3356), ib@halykfinance.kz
ӨНДІРУШІНІҢ НЫСАНАЛЫ НАРЫҒЫНА (MIFID II/UK MIFIR, ӨНІМДЕРДІ БАСҚАРУ) ТЕК ЖАРАМДЫ КОНТРАГЕНТТЕР МЕН КӘСІБИ КЛИЕНТТЕР ҒАНА ЖАТАДЫ (ТАРАТУДЫҢ БАРЛЫҚ АРНАЛАРЫ БОЙЫНША). ЕЭА МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯДА БӨЛШЕК ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРІ (PRIIPS) БОЙЫНША ЕШҚАНДАЙ НЕГІЗГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЖАТ (ОНЫҢ ІШІНДЕ PRIIPS KID НЕГІЗГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЖАТЫ / ҰЛЫБРИТАНИЯҒА АРНАЛҒАН CCI ӨНІМІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ) ДАЙЫНДАЛҒАН ЖОҚ, ӨЙТКЕНІ ОБЛИГАЦИЯЛАР ЕЭА МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ БӨЛШЕК СЕГМЕНТІ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ ЕМЕС.
ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ БҰЛ ЗАҢСЫЗ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯДА САТУ ҮШІН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҰСЫНУ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН ҚОСА АЛҒАНДА АҚШ-ТЫҢ 1933 ЖЫЛҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА ("БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢ") НЕМЕСЕ АҚШ-ТЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ШТАТЫНЫҢ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ЮРИСДИКЦИЯСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫНА СӘЙКЕС ТІРКЕЛМЕГЕН ЖӘНЕ ТІРКЕЛМЕЙДІ, СОНДАЙ-АҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ АҚШ АУМАҒЫНДА НЕМЕСЕ АҚШ ТҰЛҒАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ, ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІНЕН НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН (БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ S ЕРЕЖЕСІНДЕ АЙҚЫНДАЛҒАНДАЙ) ҰСЫНУҒА НЕМЕСЕ САТУҒА БОЛМАЙДЫ, БҰҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢДАРЫНЫҢ ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫНАН БОСАТУ ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕМЕСЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫНА ЖАТПАЙТЫН МӘМІЛЕ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАР ҚОСЫЛМАЙДЫ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ 144A ҚАҒИДАСЫНДА АЙҚЫНДАЛҒАН ЖӘНЕ ОСЫ ҚАҒИДА НЕГІЗІНДЕ ТЕК "БІЛІКТІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ САТЫП АЛУШЫЛАРҒА" ("QIB"), СОНДАЙ- АҚ ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН ҚОСА АЛҒАНДА АҚШ-ТЫҢ 1940 ЖЫЛҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢЫНЫҢ 2(A)(51)- БӨЛІМІНДЕ АЙҚЫНДАЛҒАН "БІЛІКТІ САТЫП АЛУШЫЛАР" ("QPs") БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ҒАНА, АЛ АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНАН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ S ЕРЕЖЕСІНЕ СӘЙКЕС АҚШ ТҰЛҒАЛАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ҒАНА САТУҒА ҰСЫНЫЛАДЫ.
ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДА ҚАМТЫЛҒАН АҚПАРАТ САТУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС НЕМЕСЕ САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСҚА ШАҚЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОСЫНДАЙ ҰСЫНЫС, ШАҚЫРУ НЕМЕСЕ САТУ КЕЗ КЕЛГЕН ОСЫНДАЙ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫНА СӘЙКЕС ТІРКЕГЕНГЕ, ТІРКЕУДЕН НЕМЕСЕ БІЛІКТІЛІКТЕН БОСАТЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ЗАҢСЫЗ БОЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯДА САТЫЛА АЛМАЙДЫ.
ҰСЫНЫСТАРҒА, ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ САТУҒА ЖӘНЕ БЕРУГЕ, СОНДАЙ-АҚ БАЗАЛЫҚ МЕМОРАНДУМДЫ ТАРАТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ОСЫ ЖӘНЕ КЕЙБІР БАСҚА ДА ШЕКТЕУЛЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ БАЗАЛЫҚ МЕМОРАНДУМНЫҢ "БЕРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ШЕКТЕУЛЕР" ЖӘНЕ "ЖАЗЫЛУ ЖӘНЕ САТУ" БӨЛІМДЕРІНДЕ ҚАМТЫЛҒАН.
ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДЫ, БАЗАЛЫҚ МЕМОРАНДУМДЫ ЖӘНЕ ОҒАН ТОЛЫҚТЫРУДЫ ТАРАТУ КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА ЗАҢМЕН ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН ЖӘНЕ ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ НЕМЕСЕ ОСЫНДАЙ БАСҚА АҚПАРАТ ИЕЛЕНУІНЕ КЕЛІП ТҮСЕТІН АДАМДАР ТИІСТІ ШЕКТЕУЛЕРМЕН ТАНЫСУЫ ТИІС ЖӘНЕ ОСЫНДАЙ ШЕКТЕУЛЕРДІ САҚТАУҒА ТИІС.
КӨРСЕТІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕРДІ САҚТАМАУ КЕЗ КЕЛГЕН ОСЫНДАЙ ЮРИСДИКЦИЯДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ БҰЗЫЛУЫН БІЛДІРУІ МҮМКІН.
ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ТЕК ҚАНА (А) БІРІККЕН КОРОЛЬДІКТЕН ТЫСҚАРЫ ЖЕРЛЕРДЕ ЖҮРГЕН, НЕ (В) БІРІККЕН КОРОЛЬДІКТІҢ АУМАҒЫНДА БОЛАТЫН ЖӘНЕ (I) 2000 ЖЫЛҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ НАРЫҚТАР ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ 19 (5) БАБЫНДА (ҚАРЖЫЛЫҚ ІЛГЕРІЛЕТУ), ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН 2005 ЖЫЛҒЫ БҰЙРЫҚТА ("БҰЙРЫҚ") АНЫҚТАЛҒАНДАЙ КӘСІБИ ИНВЕСТОРЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ НЕ (ІІ) БҰЙРЫҚТЫҢ 49(2)(А)- (D) БАБЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫНА ТҮСЕТІН (ІРІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ БАР ТҰЛҒАЛАР ЖӘНЕ ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДЫ БЕРУГЕ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАСҚА ТҰЛҒАЛАР) НЕМЕСЕ (ІІІ) ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ЗАҢНЫҢ 21 БӨЛІМІН БҰЗБАЙ ЖІБЕРІЛУІ МҮМКІН ТҰЛҒАЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН (ЖОҒАРЫДА (I), (II) ЖӘНЕ (III) ТАРМАҚТАРДА АТАЛҒАН БАРЛЫҚ ОСЫНДАЙ ТҰЛҒАЛАР БҰДАН ӘРІ "ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАР" ДЕП АТАЛАДЫ) ТҰЛҒАЛАРҒА ҒАНА ТАРАЛАДЫ. ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАР БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛМАУҒА НЕМЕСЕ ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАР БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ЖІБЕРІЛМЕУГЕ ТИІС. ОСЫ ХАБАРДЫҢ ҚАТЫСЫ БАР КЕЗ КЕЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ НЕМЕСЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТЕК ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҒАНА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ ЖӘНЕ ТЕК ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАРМЕН ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
ЕУРОПАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ БҰЛ ХАБАРЛАНДЫРУ ПРОСПЕКТІЛЕР ТУРАЛЫ РЕГЛАМЕНТКЕ (2017/1129 ЕО РЕГЛАМЕНТІ) СӘЙКЕС "БІЛІКТІ ИНВЕСТОРЛАР" БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ҒАНА АРНАЛҒАН.
БҰЛ ХАБАРЛАНДЫРУ 2018 ЖЫЛҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТАН ШЫҒУ ТУРАЛЫ ҰЛЫБРИТАНИЯ ЗАҢЫНА ("ҰЛЫБРИТАНИЯ ПРОСПЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ РЕГЛАМЕНТ") СӘЙКЕС ІШКІ ЗАҢНАМАНЫҢ БІР БӨЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН 2017/1129 (ЕО) РЕГЛАМЕНТІНЕ СӘЙКЕС ПРОСПЕКТ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. БАЗАЛЫҚ МЕМОРАНДУМ, ОҒАН ТОЛЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БАҒА ҚОСЫМШАСЫ ЖАРИЯЛАНҒАННАН КЕЙІН МЫНА МЕКЕНЖАЙ БОЙЫНША ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ: толығырақ
SFA ӨНІМДЕРІНІҢ СИНГАПУРЛЫҚ СЫНЫПТАМАСЫ: ЭМИТЕНТ АНЫҚТАДЫ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАРДЫ (309A (1) SFA БӨЛІМІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН) ОСЫМЕН ОСЫ ҚҰЖАТТА АТАЛҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР "КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНДА ҰЙҒАРЫЛҒАН ӨНІМДЕР" (2018 ЖЫЛҒЫ СИНГАПУРДЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ФЬЮЧЕРСТЕР (КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ ӨНІМДЕР) ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕГІ АНЫҚТАМАҒА СӘЙКЕС) ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕР (СИНГАПУРДЫҢ АҚШАЛАЙ-КРЕДИТТІК РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНЫНДА АНЫҚТАЛҒАНДАЙ, SFA 04- N12 ХАБАРЛАМАСЫ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ САТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА ЖӘНЕ FAA-N16 MAS ХАБАРЛАМАСЫ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕР БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА) БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТЕДІ.
РЕЙТИНГ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ САТЫП АЛУ, САТУ НЕМЕСЕ ҰСТАУ ҰСЫНЫМЫН БІЛДІРМЕЙДІ ЖӘНЕ ОСЫНДАЙ РЕЙТИНГ БЕРГЕН ҰЙЫМ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА ҚАЙТА ҚАРАУЫ, ТОҚТАТУЫ НЕМЕСЕ КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛУЫ МҮМКІН. ЭМИТЕНТТЕРДIҢ ӘРАЛУАН ТҮРЛЕРI МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ӘРАЛУАН ТҮРЛЕРI ҮШIН ҰҚСАС РЕЙТИНГТЕР МIНДЕТТI ТҮРДЕ БIРДЕЙ ДЕГЕНДI БIЛДIРМЕЙДI. ӘРБІР РЕЙТИНГТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА РЕЙТИНГКЕ ҚАРАМАСТАН ТАЛДАНУҒА ТИІС.
дәйексөздің соңы
[2026-07-30]