KZ
RU
EN
31 шілде 2026, 22:54
KZ
RU
EN
Кіру
30.07.2026 16:53 #Қаржы құралдары

31 шілдеден бастап KASE-де екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық уақытша тоқтатылады

/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 31 шілдеден бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен жүргізілетін репо операциялары бойынша сауда-саттық режімдерінде мынадай жай акциялармен сауда-саттықтың тоқтатылатынын хабарлайды:

1) US3453708600 (KASE Global секторы, F_KZ) Ford Motor Company акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 11 тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қайта басталады;

2) US70450Y1038 (KASE Global секторы, PYPL_KZ) PayPal Holdings Inc. акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 04 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 07 қыркүйектен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық жүргізу ережелері" атты ішкі құжатының 13-тарауының 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де көрсетілген акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін акционерлер тізілімін тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-07-30]