31 шілдеден бастап "BASS Gold" ЖШС-ның KZ2P00019110 (FPSTb12) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшіріледі
/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 31 шілдеден бастап "BASS Gold" ЖШС-ның KZ2P00019110 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb12; 100 АҚШ доллары; 2,0 млн АҚШ доллары; айналыс мерзімі: 29.07.26 – 29.07.27; тоқсан сайынғы купоны – жылдық 10,50 %; 30/360) бойынша сауда- саттықтың "таза" баға режіміне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде аталған облигациялар бойынша баға белгілеу дәлдігі облигацияның номиналынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының ондық бөлшектен кейінгі төртінші таңбасына дейін белгіленген. Баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-07-30]