KZ
RU
EN
31 шілде 2026, 03:55
KZ
RU
EN
Кіру
30.07.2026 09:28 #Қаржы құралдары

30 шілдеден бастап KASE-де АҚШ Қаржы министрлігінің төрт шығарылымдағы халықаралық облигацияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 30 шілдеден бастап KASE-де орталық контрагент қатысатын сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай халықаралық облигацияларымен сауда-саттықтың уақытша тоқтатылғанын хабарлайды:

1) US91282CDF59 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US184_2810) – есеп айырысу күні 2026 жылғы 30 қазанға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша. Сауда-саттық 2026 жылғы 02 қарашадан бастап қайта басталады;

2) US91282CLP40 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US194_2609) – есеп айырысу күні 2026 жылғы 29 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша;

3) US91282CGP05 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US197_2802) – есеп айырысу күні 2026 жылғы 28 тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша. Сауда-саттық 2026 жылғы 31 тамыздан бастап қайта басталады;

4) US91282CMS79 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US200_2803) – есеп айырысу күні 2026 жылғы 14 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша. Сауда-саттық 2026 жылғы 16 қыркүйектен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық жүргізу ережелері" атты ішкі құжатының 13-тарауының 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу үшін тізілімнің тіркелгені туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-07-30]