30 шілдеден бастап "Смартолёт Финанс" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00018179 (MFSFb12) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшіріледі
/KASE, 29.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 30 шілдеден бастап "Смартолёт Финанс" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00018179 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSFb12; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 24.07.26 – 24.07.27; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық "таза" бағаларда жүргізілетінін хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялар бойынша баға белгілеудің дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.
Көрсетілген облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2026-07-29]