KZ
RU
EN
29 шілде 2026, 16:47
KZ
RU
EN
Кіру
29.07.2026 12:42 #Қаржы құралдары

KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

/KASE, 29.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE-нің "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесі" атты ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың ішінен 2026 жылдың тамызына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2026 жылғы 23 шілдедегі шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылғы 01 тамыздан 31 тамызға дейін қолданыста болатын өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізіміне 86 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2026 жылдың шілде айына жасалған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар енгізілді:

1) ETF US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ) iShares 20+ Year Treasury Bond ETF;

2) ETF US46137V1420 ("KASE Global" секторы, PHO_KZ) Invesco Water Resources ETF.

2026 жылдың шілде айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен төмендегілер шықты:

1) ETF US81369Y3080 ("KASE Global" секторы, XLP_KZ) State Street Consumer Staples Select Sector SPDR ETF;

2) Caterpillar компаниясының US1491231015 жай акциялары ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) ;

3) Johnson & Johnson компаниясының US4781601046 жай акциялары ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ);

4) ExxonMobil Holdings компаниясының US30233Q1085 жай акциялары ("KASE Global" секторы, XOM_KZ);

2026 жылғы тамыздағы өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағың бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

2026 жылғы шілдедегі өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағың бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2026-07-29]