KZ
RU
EN
29 шілде 2026, 16:50
KZ
RU
EN
Кіру
29.07.2026 12:21 #Корпоративтік уақиғалар

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-тың жалғыз акционері қоғамның 2025 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекітті

/KASE, 29.07.26/ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (KASE тикері – SKKZ) жалғыз акционерінің 2026 жылғы 27 шілдедегі шешімдері туралы хабарлады.

Акционер, өзге шешімдермен қатар мынадай шешімдер қабылдады:

  • қоғамның 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) бекіту;
  • 2025 жылғы қоғамның 2 341 490 944 000 KZT мөлшеріндегі шоғырландырылған таза кірісін бөлудің мынадай тәртібін бекіту:
  • 62 179 218 349,71 KZT "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына бөлу;
  • таза кірістің бөлінбеген бөлігін инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтерді сатып алу үшін қоғам мен оның компанияларының билігінде қалдыру.

Аталған ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша орналастырылған.

[2026-07-29]