KZ
RU
EN
29 шілде 2026, 16:50
KZ
RU
EN
Кіру
29.07.2026 12:11 #Қаржы құралдары

29 шілдеден бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС-ның үш облигациялар шығарылымы KASE ресми тізімінің баламалы алаңындағы "облигациялар" санатына енгізілді

/KASE, 29.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2026 жылғы 28 шілдеде "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС-ның (Алматы) мынадай облигацияларын KASE ресми тізімінің баламалы алаңындағы "облигациялар" санатына енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00018930 (MFSCb15; $100, $3,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 10,50 %; 30/360);

2) KZ2P00018948 (MFSCb16; $100, $3,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 10,50 %; 30/360);

3) KZ2P00018955 (MFSCb17; $100, $3,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 10,50 %; 30/360).

Листинг комиссиясының бұл шешімі 2026 жылғы 29 шілдеден бастап күшіне енеді.

Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Облигациялар шығарылымдары 2023 жылғы 10 шілдеде 50,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС- ның бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі бесінші–жетінші шығарылымдар болып табылады.

Аталған облигациялар шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-07-29]