29 шілдеден бастап "Смартолёт Финанс" МҚҰ" ЖШС-ның төрт облигациялар шығарылымы KASE ресми тізімінің баламалы алаңындағы "облигациялар" санатына енгізілді
/KASE, 29.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2026 жылғы 28 шілдеде "Смартолёт Финанс" МҚҰ" ЖШС-ның (Алматы) төмендегі облигацияларын KASE ресми тізімінің баламалы алаңындағы "облигациялар" санатына енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2P00018963 (MFSFb15; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360);
2) KZ2P00018971 (MFSFb16; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360);
3) KZ2P00018989 (MFSFb17; $100, $1,0 млн; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 %; 30/360);
4) KZ2P00018997 (MFSFb18; $100, $1,0 млн; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 %; 30/360).
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2026 жылғы 29 шілдеден бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
KZ2P00018963 (MFSFb15) және KZ2P00018971 (MFSFb16) облигацияларының шығарылымдары 2025 жылғы 26 тамызда 10,0 млрд KZT сомасына тіркелген "Смартолёт Финанс" МҚҰ" ЖШС-ның бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі төртінші және бесінші шығарылымдар болып табылады.
KZ2P00018989 (MFSFb17) және KZ2P00018997 (MFSFb18) облигацияларының шығарылымдары 2025 жылғы 26 тамызда 10,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген "Смартолёт Финанс" МҚҰ" ЖШС-ның екінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі төртінші және бесінші шығарылымдар болып табылады.
Аталған облигациялар шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2026-07-29]