29 шілдеден бастап KASE-де үш атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 28.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 29 шілдеден бастап KASE-де орталық контрагент қатысатын сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
1) State Street Consumer Staples Select Sector SPDR ETF-тің US81369Y3080 ETF-і (KASE Global секторы, XLP_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 21 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін мәмілелер бойынша. Сауда-саттық 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап қайта басталады;
2) The Utilities Select Sector SPDR Fund-тың US81369Y8865 ETF-і (KASE Global секторы, XLU_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 21 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін мәмілелер бойынша. Сауда- саттық 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап қайта басталады;
3) Bank of America Corporation компаниясының US0605051046 жай акциялары (KASE Global секторы, BAC_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 04 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін мәмілелер бойынша. Сауда-саттық 2026 жылғы 07 қыркүйектен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық өткізу ережелері" атты ішкі құжатының 13-тарауы 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де аталған бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2026-07-28]