KZ
RU
EN
31 шілде 2026, 23:40
KZ
RU
EN
Кіру
28.07.2026 17:01 #Сауда-саттық ақпараты

28 шілдеде екі облыстың әкімдіктері KASE арқылы 13,3 млрд KZT тартты

/KASE, 28.07.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының төрт шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижеcі бойынша мынадай облигациялар орналастырылды:

1) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003697 (ZKK084_369; 1 000 KZT, 4 884 002 000 KZT; 28.07.26 – 28.07.33; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360) облигациялары 4,9 млрд KZT сомасына;

2) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003705 (ZKK120_370; 1 000 KZT, 1 628 001 000 KZT; 28.07.26 – 28.07.36; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360) облигациялары 1,6 млрд KZT сомасына;

3) Атырау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003713 (ARK120_371; 1 000 KZT, 1 687 682 000 KZT; 28.07.26 – 28.07.36; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360) облигациялары 1,7 млрд KZT сомасына;

4) Атырау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003721 (ARK084_372; 1 000 KZT, 5 063 047 000 KZT; 28.07.26 – 28.07.33; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360) облигациялары 5,1 млрд KZT сомасына.

Аталған облигациялар сарқынды суларды тазарту құрылыстары кешендерін, жылумен, электр энергиясымен және сумен жабдықтау, су бұру желілері мен жүйелерін салу және жаңғырту (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобаларын қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2026-07-28]