KZ
RU
EN
28 шілде 2026, 21:56
KZ
RU
EN
Кіру
28.07.2026 15:23 #Сауда-саттық ақпараты

28 шілдеде KASE-де есеп айырысу күні 30 шілде болатын KZK200000786 (MOM060_0056) МЕОКАМ-ды орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 28.07.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде есеп айырысу күні 2026 жылғы 30 шілде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің KZK200000786 (MOM060_0056) мемлекеттік ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕОКАМ) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған эмитенттің хабарламасына сәйкес эмитент номиналдық құны бойынша жалпы сомасы 52 484 396 000 KZT болатын өтінімдерді қанағаттандырып, кесім бағасын номиналдың 101,4220 % деңгейінде белгіледі (кірістілігі – жылдық 14,51 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 101,4782 %-ын құрады (кірістілігі – жылдық 14,49 %).

Орналастыру нәтижелері туралы кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысу күні 30 шілде және өтеуге дейінгі мерзімі 4,9 жыл болатын KZK200000786 (MOM060_0056) МЕОКАМ-ды орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" атты жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-07-28]