KZ
RU
EN
13 тамыз 2026, 19:35
KZ
RU
EN
Кіру
27.07.2026 14:46 #Қаржы құралдары

28 шілдеден бастап KASE-де екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 27.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 28 шілдеден бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен өткізілетін сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттықтың тоқтатылатынын хабарлайды:

1) Newmont Corp. компаниясының US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ) есеп айырысу күні 2026 жылғы 03 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге түсетін мәмілелер бойынша сауда-саттық тоқтатылады. Сауда-саттық 2026 жылғы 07 қыркүйектен бастап қайта басталады;

2) ALPHABET INC. компаниясының US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) есеп айырысу күні 2026 жылғы 07 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге түсетін мәмілелер бойынша сауда-саттық тоқтатылады. Сауда-саттық 2026 жылғы 09 қыркүйектен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық өткізу ережелері" атты ішкі құжатының 13-тарауының 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де аталған акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін акционерлер тізілімінің тіркелгені туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-07-27]