27 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) және Citigroup Inc.US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 24.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 27 шілдесінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін, IBM corp. US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 12 тамызынан бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылғы 03 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін, Citigroup Inc. US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 05 тамызынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауы 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-07-24]