KZ
RU
EN
25 шілде 2026, 04:30
KZ
RU
EN
Кіру
24.07.2026 10:27 #Корпоративтік уақиғалар

"ForteBank" АҚ Moody's Ratings агенттігі банктің рейтингтік бағаларын көтергені туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

/KASE, 24.07.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

Moody's Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ForteBank-тің ұлттық және шетел валюталарындағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін Ba2 деңгейінен Ba1 деңгейіне көтерді. Сонымен қатар агенттік банктің кредит қабілеттілігінің базалық бағасын (BCA) ba3 деңгейінен ba2 деңгейіне дейін жақсартып, рейтинг бойынша «Тұрақты» болжамын растады.

Moody's агенттігінің бұл шешімі ForteBank-тің қаржылық тұрақтылығының нығайғанын және Home Credit Bank-ті сатып алу секілді стратегиялық маңызды мәмілені жүзеге асыра отырып, кредиттік көрсеткіштерін жоғары деңгейде сақтай алатынын айғақтайды.

Сондай-ақ, Moody's өз есебінде ForteBank-тің Home Credit Bank-ті сатып алғаннан кейінгі интеграциялау процесіне қатысты тәуекелдерді тиімді басқарып отырғанын атап өтті. Агенттік Банктің бөлшек бизнес бағытының кеңеюі мен клиенттік базасының өсуі есебінен бизнесінің әртараптандырылуына оң баға берді.

дәйексөздің соңы

Қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

[2026-07-24]