23 шілдеден бастап KASE KASE_KZ3BUP сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 (MFTFb1) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 23.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 шілдесінен бастап "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 (MFTFb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты BBB- және одан жоғары (KASE_KZ3BUP сериясы) халықаралық кредиттік рейтингі бар KZT-мен номинацияланған корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен алып тастады.
2026 жылдың 23 шілдесінен бастап KASE_KZ3BUP сериясы индикаторларының өкілдік тізімі бес атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_KZ3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) корпоративтік облигациялар құнының өзгеруін көрсететін "таза" бағалар индексі.
KASE_KZ3_TR – жиынтық табыс индексі (есептелген, төленген купондық төлемді және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып).
KASE_KZ3_Y – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
[2026-07-23]