24 шiлдесiнен бастап KASE-де екі атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 23.07.2026/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 24 шiлдесiнен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режімдеріндегі репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылатыны туралы хабарлайды:
1) State Street SPDR S&P 500 ETF Trust US78462F1030 ETF-і ("KASE Global" секторы, SPY_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 18 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап қайта басталады;
2) American Electric Power Company, Inc. US0255371017 жай акциялары ("KASE Global" секторы, AEP_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 10 тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда- саттық 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2026-07-23]