29 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында "ЦентрКредит-Валюталық" ИИПҚ KZPF00000058 (BCCI_cc) пайларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 23.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 29 шілдесінен бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит–Валюталық" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000058 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCI_cc) пайларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 1) тармақшасына сәйкес сауда-саттық қордың ережелеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-07-23]