22 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен KZ2P00007776 (MFTFb1) облигацияларын "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 22.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 22 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік тізімнен "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 (MFTFb1) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (22 шілде – өтеу кезінде тіркелген күні).
2026 жылдың 22 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 72 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-07-22]