KZ
RU
EN
23 шілде 2026, 18:14
KZ
RU
EN
Кіру
21.07.2026 15:14 #Сауда-саттық ақпараты

21 шілде күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 23 маусымда болатын МЕУКАМ KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 21.07.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 23 шілдесінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 42 000 000 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 102,9269 % (кірістілік – жылдық 14,31 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 102,9466 % құрады (кірістілік – жылдық 14,30 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 23 шілдеде болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 5,5 жыл МЕУКАМ KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-07-21]