21 шілдеден бастап "Терра" ЖШС-ның KZ2P00011810 (TERRb1) облигациялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "облигациялар" санатынан негізгі алаңының "облигациялар" санатына ауыстырылады
/KASE, 20.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2026 жылғы 20 шілдеде "Терра" ЖШС-ның KZ2P00011810 (TERRb1; 1 000 теңге, 495,0 млн теңге; 19.08.24 – 19.08.29; жартыжылдық купон, жылдық 19,75 %, 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "облигациялар" санатынан негізгі алаңның "облигациялар" санатына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2026 жылғы 21 шілдеден бастап күшіне енеді.
KASE-нің 2026 жылғы 15 шілдедегі қорытындысында "Терра" ЖШС мен оның көрсетілген облигацияларының KASE-нің "Листинг ережелері" атты ішкі құжатында KASE ресми тізімінің негізгі алаңындағы "облигациялар" санатына енгізу және онда болуы үшін белгіленген листингілік критерийлер мен талаптарға сәйкес келетіні анықталғаны көрсетілген.
[2026-07-21]