KZ
RU
EN
17 шілде 2026, 18:55
KZ
RU
EN
Кіру
17.07.2026 10:13 #Қаржы құралдары

17 шілдеден бастап "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС KZ2P00018526 (MFACb5) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 17.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 15 шілдесінде "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС (Шымкент) KZ2P00018526 (MFACb5; 1 000 KZT, 2,0 млрд KZT; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларының негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 17 шілдесінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы 2026 жылдың 05 маусымында 10,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады.

"Арнур Кредит "МҚҰ" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2026-07-17]