16 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның KZ2C00004133 (JSBNb1) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 16.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 16 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00004133 (JSBNb1) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты (16 шілде – өтеу кезінде тіркелген күні) алып тастады.
2026 жылдың 16 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 74 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
[2026-07-16]