KZ
RU
EN
28 шілде 2026, 04:05
KZ
RU
EN
Кіру
14.07.2026 17:45 #KASE жаңалықтары

KASE биржалық нарықтың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады

/KASE, 14.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.

  • KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 261,9 трлн KZT құрады және 2025 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты 48,8 %-ға немесе 85,9 трлн KZT-ге ұлғайды.
  • Жыл басынан бері KASE Индексінің мәні 9,7 %-ға 7 712,53 тармаққа дейін өсті.
  • Акциялар нарығын капиталдандыру жыл басынан бері 21,9 %-ға немесе 8,6 трлн KZT-ге 47,6 трлн KZT-ге дейін өсті, сатылатын корпоративтік борыш көлемі 3,3 %-ға 16,8 трлн KZT-ге дейін өсті.
  • 2026 жылдың басынан бастап листинг процедурасынан 29 жаңа эмитент өтті: біреуі акциялар секторында, тоғызы KASE Global секторында, 19 корпоративтік облигациялар секторында.
  • 2026 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 1 015 атаудағы 306 эмитенттің беймемлекеттік бағалы қағаздары болды.

Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақша нарығының және туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған.

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ

[2026-07-14]