14 шілдеден бастап Finex Ffin Kazakhstan Equity IE00BG0C3K84 ETF (IE_FXBF) ETF Қордың таратылуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 14.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 14 шілдесінен бастап Finex FFIN Kazakhstan Equity ETF IE00BG0C3K84 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, IE_FXBF) ETF Қордың таратылуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған ETF 2018 жылдың 06 желтоқсанынан бастап KASE ресми тізімінің "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізілген. Олармен сауда-саттық 2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап ашылған.
[2026-07-14]