01 тамыздан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі
/KASE, 13.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылдың 30 маусымындағы шешімімен 2026 жылдың 01 тамызынан бастап қолданысқа енгізілетін "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 28 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
Түзетулермен бағалы қағаздардың, оның ішінде "KASE Global" секторына енгізілген ETF бойынша маркет-мейкерлер үшін:
- 11:30-дан 17: 30-ға дейін спрэдтің максималды мәні – 0,9 %, күту уақыты – 142 минут;
- 17:31-ден 22:00-ге дейін спрэдтің максималды мәні – 0,5 %, күту уақыты – 50 минут.
Бұдан басқа, KASE Global секторының бағалы қағаздары бойынша маркет- мейкерлер үшін жауапкершілік шараларын қолдану механизмі нақтыланды.
Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Сауда-саттық" қалташасы – "Маркет-мейкерлер").
[2026-07-13]