KZ
RU
EN
11 шілде 2026, 18:02
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.07.2026 12:38 #KASE жаңалықтары

KASE 14 шілдеде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы бойынша медиа-брифинг өткізеді

/KASE, 10.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 14 шілдеде сағат 11:00-де қазақстандық биржа нарығының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысы бойынша медиа-брифинг өтетінін хабарлайды. Іс-шара барысында Қазақстанның қор нарығындағы динамика мен үрдістер, сондай-ақ KASE мен KASE клиринг орталығының (KACC) есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат ұсынылады.

Іс-шараның спикерлері:

  • Әділ Мұхамеджанов, KASE Басқармасының төрағасы;
  • Наталья Хорошевская, KACC Басқармасының төрағасы.

Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz электрондық поштасы арқылы аккредитациядан өтуі қажет.

Іс-шара Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-қабат, KASE баспасөз залында өтеді, сондай-ақ оған онлайн форматта қатысуға болады.

KASE-нің журналистермен тұрақты түрде кездесу өткізуі – оның айқындық пен ашықтық қағидаттарына негізделген ақпараттық саясатының бір бөлігі.

[2026-07-10]