KZ
RU
EN
9 шілде 2026, 22:26
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.07.2026 17:50 #Қаржы құралдары

10 шiлдеден бастап Қазақстан қор биржасында Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларының сауда-саттығы тоқтатыла тұрады

/KASE, 09.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 10 шiлдесiнен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде жасалатын репо операциялары бойынша, есеп айырысу күні 2026 жылдың 14 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Starbucks Corporation компаниясының US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды, сауда-саттық 2026 жылдың 17 тамызынан бастап қайта басталады.

Бұдан басқа, есеп айырысу күні 2026 жылдың 01 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда- саттығын тоқтата тұруы ұзартылды, сауда-саттық 2026 жылдың 03 қыркүйегiнен бастап қайта басталады:

1) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;

2) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF;

3) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF;

4) US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON;

5) US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ) ProShares Short Bitcoin ETF;

6) US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, ETHT_KZ) ProShares Ultra Ether ETF;

7) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF.

KASE "Сауда-саттықты өткізу қағидалары" атты ішкі құжатының 13 тарауы, 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеуге арналған тізілімді бекіту туралы ақпараттың алынуына байланысты сауда-саттық тоқтатылды.

[2026-07-09]