01 ШІЛДЕДЕН БАСТАП KASE КОРПОРАТИВТІК ОБЛИГАЦИЯЛАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ИНДИКАТОРЫН ЕСЕПТЕУДІ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУДЫ БАСТАДЫ
/KASE, 09.07.26/ – 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Республикасының резиденттері ішкі нарықта орналастырған корпоративтік облигациялардың жиынтық номиналды құнын есептеуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының резиденттерінің де, бейрезиденттерінің де облигацияларын ескеретін корпоративтік борыштың қолданыстағы көрсеткішінен айырмашылығы, жаңа индикатор қазақстандық эмитенттердің капиталдың ішкі нарығында қаражат тарту көлемін жеке бағалауға мүмкіндік береді.
Индикаторды есептеу үшін өкілдік тізімді KASE орналастырылған облигациялардың саны және облигациялардың тиісті шығарылымдары бойынша қайталама нарықта сауда саттықтың ашылуы туралы ақпарат негізінде қалыптастырады.
Индикатордың мәні Астана қаласы уақытының 17:30-да жұмыс күндері күніне бір рет есептеледі және KASE интернет-ресурсында "Индекстер – Қор нарығы – Корпоративтік облигациялар" бөлімінде жарияланады– толығырақ
"Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген тиісті түзетулер енгізілді.
[2026-07-09]