08 шілде күні Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3358410002 (BTRKe6) халықаралық облигацияларын жазылым арқылы кірістілігі жылдық 5,45 %-бен орналастыра отырып, $32,7 млн тартты
/KASE, 08.07.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3358410002, US05709XAA81 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар", BTRKe6; $500,0 млн; 06.05.26 – 06.05.33; жарты жылдық купон, жылдық 5,20 %; 30/360) облигацияларын оларға жазылу арқылы қосымша орналастыру жүргізілді. Төменде сұраныс параметрлері және KASE-де жазылу нәтижелері келтірілген.
Аталған облигацияларға жазылу кезінде KASE-де бірлескен жетекші менеджер және букраннер ретінде "Halyk Finance" АҚ әрекет етті.
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
----------------------------------------------------- --------------- Қатысушылар саны: 5 Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді): 10 / 10 оның ішінде: – шектелімді: 10 / 10 – нарықтық: 0 / 0 Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары: 35,9 оның ішінде – шектелімді: 35,9 – нарықтық: 0,0 Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға, номиналдан % (барлығы / белсенді): – минималды 98,5826 – максималды 98,8626 – орташа сараланған 98,5865 Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді): – минималды 5,4000 – максималды 5,4500 – орташа сараланған 5,4493 --------------------------------------------------------------------- * белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде, Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 36,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 54,0 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 8,3 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 1,7 % тиесілі болды.
ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
------------------------------------------------ ------------ Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, 32 900 000 облигациялар: Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, 32 728 115,8 АҚШ доллары: Қанағаттандырылған өтінімдер саны: 10 Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 5 Қатысушылар шоттарының саны: 98,5820 Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға, 5,4500 номиналдан %: Облигациялардың сатып алушылар үшін кірістілігі, 32 900 000 жылдық %: -------------------------------------------------------------
Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 39,5 % – банктер, 49,5 % – басқа институционалдық инвесторлар, өзге заңды тұлғалар – 9,1 %, 1,8 % – жеке тұлғалар сатып алды.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.
Қосымша шығарылатын Еурооблигациялар бойынша 500 млн АҚШ доллары сомасына бастапқы орналастырылған Еурооблигацияларға 2026 жылғы мамырда берілген ISIN-ден өзгеше уақытша ISIN тағайындалғанына назар аударамыз. Уақытша ISIN Еурооблигациялар қосымша орналастырылған күннен (2026 жылғы 8 шілде) бастап 40 күн ішінде жарамды болады. АҚШ инвесторлары шығарылған күннен бастап 40 күн ішінде сатып ала алмайтын қосымша шығарылған Еурооблигациялар бастапқы шығарылған облигациялардан өзгеше болуы үшін уақытша ISIN тағайындау АҚШ-тың қолданыстағы бағалы қағаздар заңнамасына сәйкес талап етіледі. Осы 40 күндік кезең аяқталғаннан кейін Қосымша шығарылған Еурооблигациялар бастапқыда орналастырылған Еурооблигациялармен біріктіріледі және барлық Еурооблигациялар шығарылған күніне қарамастан, бастапқы орналастырылған Еурооблигацияларға берілген бірдей ISIN-мен саудаланады.
[2026-07-08]