KZ
RU
EN
11 шілде 2026, 20:04
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.07.2026 18:37 #Қаржы құралдары

07 шілдеден бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00018828 (SKKZb32) және KZ2C00018836 (SKKZb33) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 07.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылғы 07 шілдеде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "АҚ (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

  • KZ2C00018828 (SKKZb32; 1 000 KZT, 51 350,0 млн KZT; 15 жыл; құбылмалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded Index + тиянақталған купон; 30/360);
  • KZ2C00018836 (SKKZb33; 1 000 KZT, 51 350,0 млн KZT; 15 жыл; құбылмалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded Index + тиянақталған купон; 30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 07 шілдесінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 27 тамызында 1,0 трлн KZT сомасына тіркелген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның төртінші облигациялық бағдарламасы шегінде 21-ші және 22- ші болып табылады.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-07-07]