KZ
RU
EN
7 шілде 2026, 17:07
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.07.2026 15:41 #Қаржы құралдары

08 шілдеден бастап "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00017890 (MFMOb44) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

/KASE, 07.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 08 шілдесінен бастап "Jet Finance "МҚҰ"ЖШС KZ2P00017890 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb44; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 02.07.26 – 02.07.27; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.

[2026-07-07]