KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ 05 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ
/KASE, 07.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2026 жылдың 07 шілдедегі шешімімен "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 05 тамызынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі-тізім) анықталғаны туралы хабарлайды.
Көрсетілген шешімге сәйкес 2026 жылдың 05 тамызынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.
-----------------------------------------------------------------------
Акцияның
# р/с коды ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі*
----- -------- ------------ --------------------- ---- --------- ------
1 AIRA KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ 58,8 1,0000000 6,9
2 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 36,3 1,0000000 14,8
3 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық 38,0 0,1904664 15,0
Банкі" АҚ "
4 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 1,0000000 11,1
5 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ 15,0 1,0000000 3,0
6 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" 12,2 0,1213885 14,8
ҰАК" АҚ
7 KSPI KZ1C00001536 АҚ "Kaspi.kz" 33,9 0,1130810 15,1
8 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" 25,0 0,1305038 15,0
ҰАК " АҚ
9 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 8,7 1,0000000 2,0
10 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 2,2
-----------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, Үесі параметрлері, 2026 жылдың 22 маусымындағы жағдай бойынша
көрсетілген.
Комитеттің шешімі күшіне енгенге дейін 2026 жылдың 03 тамызында Fi, Ri параметрлері және үлесі 2026 жылдың 31 шілдесіндегі сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша қалыптасқан акциялардың бағасына және 2026 жылдың 01 шілдесіндегі еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептелетін болады.
Индексті есептеу үшін көрсетілген параметрлердің өзгеруі туралы ақпарат 2026 жылдың 03 тамызында жарияланады.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ
ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.
Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.
Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.
Fi – 17.06.26-да еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 17.06.26-да тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.
Үлесі – KASE Индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының ағымдағы үлесі. Пайызбен көрсетіледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
[2026-07-07]