KZ
RU
EN
11 шілде 2026, 20:03
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.07.2026 11:25 #Индекстер мен индикаторлар

07 шілдеден бастап KASE "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012995 (BTRKb19) облигацияларын KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

/KASE, 07.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 07 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012995 (BTRKb19) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (03 шілде – өтеу кезінде тіркелген күні).

2026 жылдың 07 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 75 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-07-07]